Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да АжРТА сарапшылар тобы физика және математика бойынша білім беру бағдарламаларына аккредиттеуден кейінгі онлайн мониторинг өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да физика және математика бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден кейінгі мониторингтеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сараптама тобының онлайн сапары болып өтті.

Онлайн сапар шеңберінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы 5В011000 – «Физика», 5В010900 – «Математика», 6М011000 – «Физика», 6М060400 – «Физика», 6М010900 – «Математика» білім беру бағдарламалары бойынша ұсынымдар берді.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ тарапынан іс-шараға Физика және технология кафедрасының меңгерушісі Г.С. Бектасова, Математика кафедрасының меңгерушісі Е.К. Ерғалиев, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М.Н. Мадияров қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo