Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да барлық білім беру бағдарламалары жаңартылды және оңтайландырылды

2020-2021 оқу жылына арналған барлық білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларына білім алушылардың зерттеу дағдыларын, болашақ педагогтардың сандық сауаттылығын дамытуға бағытталған пәндер қосылды.

Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының (ББ) сапасын қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және дамыту бойынша жобалау офисі құрылды.

Жобалық кеңсенің отырыстарында білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ретейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін, сыртқы сарапшылардың (Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, «Атамекен» ҰКП, ББ тізілімінің сарапшылары) ескертулерін талдау жүзеге асырылады, ЖОО жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету мәселелері, олардың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жолдары талқыланады.

Жобалық кеңсенің құрамына ББ жобалау комитеттері енеді. Жобалау комитеттерінің негізгі міндеттерінің бірі – ЖОО-ның жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларын өзектендіру.

Жұмыс берушілер үшін ЖОО әзірлеген сауалнама негізінде серіктес-жұмыс берушілер берген әрбір бағдарлама бойынша оқытудың жоспарланған нәтижелері мен кәсіби құзыреттіліктің алдын ала тізбесін бағалау ескеріледі.

Университеттегі жұмыс тобы жүргізген ішкі сараптаманың қорытындысы бойынша (ҚР БҒМ, жұмыс берушілердің ұсынымдарын ескере отырып, Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіби стандарттарға сәйкес) 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының мақсатын, міндеттерін, жоспарланған оқыту нәтижелері мен мазмұнын қайта қарау бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, баламалы пәндерді дұрыс анықтау, пәндерді оңтайландыру және интеграциялау бойынша жұмыс тобының ұсынымдары ескеріле отырып, барлық білім беру бағдарламалары жаңартылды және оңтайландырылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo