Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Battle of the best» онлайн интеллектуалдық сайысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және халықаралық студенттер күніне орай «Battle of the best» интеллектуалдық-танымдық онлайн сайысын өткізді.

Ойынға факультеттің 1 курс студенттері қатысты.

Сайысқа көрермен болып Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері қосылды.

Ойын ZOOM платформасында қатысушыларға түрлі тарихи және интелектуалды сұрақтар қою арқылы қызықты өтті. Ойында өз тапқырлықтары мен жылдамдықтарының арқасында үздік үштік жеңіп шықты. 1 орынды  Ақжан Қажыбек (6В01502 Физика білім беру бағдарламасының 1 курс студенті), 2 орынды Ардақ Қуаныш (6В01501 Информатика білім беру бағдарламасының 1 курс студенті), 3 орынды Аружан  Черязданова (6В08301 Орман ресурстары, аңшылық және ара шаруашылығы білім беру бағдарламасының 1 курс студенті) иеленді.

1 орынға 5 мың, 2 орынға 3 мың, 3 орынға 2 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды, ал белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo