Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Білім-ғылым-бизнес» интеграциясы: мәселелері мен болашағы» VII республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «Білім-ғылым-бизнес интеграциясы: мәселелері мен келешегі» атты VII республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы және олардың ғылыми зерттеулерге, аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлауға уәждемесін қалыптастыру арқылы болашақ кәсіби сала мен ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге қатысуы үшін диалог алаңы мен кеңістік құру.

Конференция жұмысы 7 бағыт бойынша құрылған: "Математика, физика және ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеулер"; "Жаратылыстану ғылымдары және экология саласындағы зерттеулер"; "Психология және педагогика саласындағы зерттеулер"; "Тарих, философия, саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулер"; "Экономика, мемлекеттік басқару және құқық саласындағы зерттеулер"; "Филология және журналистика саласындағы зерттеулер"; "Музыка, мәдениет және спорт саласындағы зерттеулер".

Конференция модераторы "Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры пед.ғ.к. Ирина Владимировна Ровнякова.

"С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасы –ректоры, профессор М.Ә. Төлеген, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, Тоқтаров Ермек Бауржанұлы, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің инженерлік бейіндегі зертханасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор, PhD Сейітхан Азатұлы, Беларусь мемлекеттік университеті халықаралық жеке және Еуропалық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. (Минск қ., Беларусь Республикасы) И.А. Бельская құттықтау сөз сөйледі.

– С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде "Білім, ғылым және бизнес интеграциясы: мәселелері мен болашағы" атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы жетінші рет өткізілуде. Бұл біздің ЖОО үшін дәстүрлі шара жыл сайын өз алаңдарында ғылымда өз күштерін сынап көретін студенттерді, магистранттарды, докторанттарды жинайды. Биыл конференция еліміз үшін маңызды күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығын мерекелеумен атап өтілді. Әрине, Қазақстанда 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні!

Конференция 12 сәуірде кездейсоқ өткен жоқ, Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні кездейсоқ таңдалмаған, бұл күн біздің елімізде қазақ халқының ұлы перзенті, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, металлогенияның негізін қалаушы, Қазақстанның жер қойнауын зерттеген геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған. Өз халқының нағыз ғалымы және патриоты болған Қаныш Сәтбаев – Қазақстанның жас ғалымдары үшін лайықты үлгі. Құрметті конференцияға қатысушылар, сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтап, Қазақстан ғылымының дамуы жолында алға қойылған мақсаттарға жетуде шыдамдылық және табандылық тілеймін! Бүгін, әрине, отандық ғылымның дамуы мен университетіміз ғылымының дамуы туралы айту қажет, – деп атап өтті М.Ә. Төлеген.

Ректордың айтуынша, бүгінде ғылыми инфрақұрылым мен ғылыми жабдықтарды белсенді жаңарту процесі жүріп жатыр. Мәселен, өткен жылы 70 млн. теңгеден астам сомаға зерттеу жабдығының 30 түрі сатылып алынды. Соңғы үш жылда университетте жұмыс беруші серіктестердің қолдауымен оннан астам зертхана, кабинет және ғылыми орталықтар ашылды.

– Бүгінде жастарды жан-жақты қолдауды Елбасы Н.Ә. Назарбаев қоры жүзеге асырады. Бұл – ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулер үшін жыл сайынғы сыйлықтар, ғылыми конференцияға немесе ғылыми тағылымдамаға қатысу үшін сапар гранттары, ғылыми-зерттеу жұмыстарына гранттар, "Болашақ ғалымдары" конкурсы, "Жас ғалымдардың үздік кеңесі" конкурсы, "Science Slam" турнирі, қазақстандық жас ғалымдарға арналған "Science school Kaskasu" пәнаралық жазғы мектебі.

Осылайша, қазақстандық ғылым мен біздің университет даму үшін жақсы әлеуетке ие. ЖОО ғалымдары Қазақстан экономикасының түрлі салаларының дамуына және жалпы еліміздің білім беру жүйесіне үлкен үлес қосуда, – деп атап өтті ол.

Конференцияның пленарлық сессиясы жұмысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті "Рухани Жаңғыру" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, биология кафедрасының профессоры, а/ш.ғ.к. Г.А. Байташева жоғары мектептің дамуындағы "Рухани Жаңғыру", С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті "Химия" мамандығы 3 оқу жылының докторанты Ақатан Кыдырмолла ("Бір жылдық өсімдіктен алынған целлюлоза негізіндегі нанокомпозиттік материалдар"), БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызметкері, PhD М.С. Бектұрғанова "Мұнай-газ кешенінің төмен көміртекті дамуға көшуінің халықаралық тәжірибесі" баяндамаларын жасады.

Пленарлық бөлімнен кейін жұмыс секциялар бойынша жалғасты.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo