Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Білім күні аталып өтті

Бүгін, 1 қыркүйекте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жоғары оқу орны ректорының онлайн-құттықтауы және онлайн-концерт өтті.

– Жаңа оқу жылымен біз университет тарихының жаңа парағын, жаңа жеңістер мен жетістіктердің 68-ші парағын ашқалы отырмыз! Біздің университет –әлемдік және отандық рейтингтерде жетекші орынға ие, бай тарихы мен дәстүрі бар классикалық көпсалалы жоғары оқу орны. Университет республикалық рейтингте еліміздің 130 жоғары оқу орны арасында 6 орынға ие, әлемдік рейтингте АА+ университеттер тобына, яғни мамандарды аса сапалы даярлайтын жоғары оқу орындарының қатарына енеді, – деп атап өтті университет ректоры М.Ә. Төлеген.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бағалауы бойынша, университеттің білім беру бағдарламалары бірінші орындарға ие. Жоғары оқу орнында Шығыс Қазақстан облысы мен еліміз үшін қажетті мамандықтар бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның 30-дан астам жаңа білім беру бағдарламалары ашылған. Жаңа білім беру бағдарламалары жастарға инновациялық мамандықты таңдауға және 100% жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Биыл университетке барлық оқу түрлері бойынша 2 мыңнан астам адам түсті. Олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлерінің саны биыл екі есеге артып, 89 адамды құрап отыр (2019 жылы – 63), сондай-ақ 100-ден астам жас ерекше үлгідегі аттестаттың иегері (өткен жылы – 86), 50 студент республикалық және өңірлік олимпиадалардың жеңімпазы.

Ректордың айтуынша, бірінші курсқа түскендердің ішінде 600-ден астам адам бюджеттік орындарға, оның ішінде 156-сы жергілікті атқарушы органдардың гранттарына түсті, оларды талапкерлер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтің қолдауымен алды. Университеттің Жоғары колледжіне 280-нен астам талапкер түсті. Бүгінде университет білім алушыларының жалпы контингенті 8 мыңнан астам адамды құрайды.

Дарынды оқушыларды қолдау үшін ЖОО-да Абай Құнанбаев атындағы (ай сайын 50 мың теңге) және Сәрсен Аманжолов атындағы (25 мың теңге) шәкіртақылар енгізілген. Сонымен қатар, университетте Қанипа Бітібаева атындағы грант, информатика, тарих, дене шынықтыру және спорт бойынша пәндік гранттар бар.

Ректор хабарлағандай, COVID-19 пандемиясына байланысты әлемде және елімізде 2020-2021 оқу жылында оқыту қашықтан жүргізіледі. Білім алушыларға көмектесу үшін университет сайтында виртуалды ректорат, виртуалды деканат құрылып отыр.

– Кезекті оқу жылы, яғни болашақ жетістіктеріміздің берік іргетасын қалайтын маңызды әрі жауапты жұмыс басталды, – деп түйіндеді ректор.

Мерекенің шарықтау шегі онлайн-концерт болды, оны оқытушылар мен студенттер университеттің әлеуметтік желілерінен көре алды.

https://www.youtube.com/watch?v=Nk4PYs5myMw&feature=youtu.be

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo