Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Бірінші курс таланттары-2020» онлайн-байқауына дайындық басталды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері «Бірінші курс таланттары-2020» онлайн-байқауына дайындықты бастады.

Биылғы оқу жылы студенттерге білім беру жүйесінің ерекше режимі онлайн форматта өтуде. Елде қалыптасқан жағдайға байланысты білім беру, тәрбие беру процесін жаңа бағытта ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі де осы өзгерістер аясында жұмыс жасау бағыттарын қайта қарастырып, жыл сайын өткізілетін университеттің дәстүрлі іс-шараларынан, соның ішінде «Бірінші курс таланттары» сайысынан бас тартпай, алғаш рет бұл сайысты онлайн форматта өткізуді ұйғарды. Сайыс тақырыбы: «Адам болам десеңіз... бес нәрседен қашық бол..., бес нәрсеге асық бол».

Іс-шараның мақсаты – бірінші курс таланттарын қалыптастыру және дамыту, студенттердің азаматтық-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, студенттердің әр түрлі жанрларда өзін-өзі танытуына жағдай жасау, жастар бойында эстетикалық талғамды дамыту.

Онлайн бейнебайқау 20-29 қарашада өтеді. Марапаттау және ең үздік нөмірлердің онлайн концерті Тұнғыш Президенті күні – 1 желтоқсанда әлеуметтік желілерде көрсетіледі.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo