Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Бірінші курс таланттары» онлайн-конкурсының қорытындысы шығарылды

С. Аманжолов атындағы ШҚУа алғаш рет дәстүрлі «Бірінші курс таланттары»  байқауы YouTube арнасында онлайн-режимде өтті. Бүгін байқаудың қорытындысы шығарылды.

Байқаудың қазылар алқасы (А.Н. Қарымбаева, Б. Жүнісбеков, У. Тоқаев) жеңімпаздарды анықтап, ЖОО ректоры М.Ә. Төлеген оларға грамоталарды табыстады.

Бас жүлде – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіне, 1 орын – Экономика және құқық факультетіне, 2 орын – Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетіне, 3 орын – Психология, педагогика және мәдениет факультетіне берілді.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар да анықталды. «Вокал» номинациясы бойынша Экономика және құқық факультеті, «Хореография» номинациясы бойынша Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, «Көркем оқу» номинациясы бойынша Экономика және құқық факультеті, «Әзіл этюдтері» номинациясы бойынша Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, «Үздік актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, «Үздік сценарий» номинациясы бойынша Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, «Елін сүйген Елбасы» номинациясы бойынша Экономика және құқық факультеті, «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша Психология, педагогика және мәдениет факультеті үздік деп танылды.

Факультеттердің бірінші курс студенттері көрсеткен үздік нөмірлер арасында ЖҒжТФ командасының «Шанхай гүлдері» және «Күлден көтерілгендер» билері, «First» спорттық биі, Ділназ Марат орындаған ән және т.б. болды.

ТФжХҚФ онлайн-концертінде дауыс берген қазылар алқасы мен көрермендердің есінде қалатыны «New generation», «WarriorZ» билері, Диас Мәуітханның стендап әзіл-сықақ нөмірі, Айым Темірханованың орындауындағы «Сағыну» әні, Абайдың өлеңі, ППжМФ концертінде «Hands up» биі болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Танымал «Бірінші курс таланттары» конкурсын онлайн-режимде өткізудің жаңа форматына қарамастан, бірінші курс студенттерінің концерттік бағдарламалары жарқын, мазмұнды, талантты болып шықты! Жарайсыңдар, бірінші курс студенттері!

Баспасөз қызметі,

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo