Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған виртуалды көрме ашылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ кітапханасы оқырмандар назарына аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі  Ә. Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған виртуалды көрме ұсынады.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға. Бұрынғы Семей  облысы (қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында), Қарқаралы уезінде дүниеге келген арда азамат 71 жасында кеңес қоғамының ең бір қасіретті «халық жауы» деген жалған жаласымен Мәскеу қаласында мерт болды. 

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә. Бөкейханов XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. «Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне замандасы Қошмұхаммед Кемеңгерұлы  1920 жылы жазған «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды. Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы көзі тірісінде аты аңызға айналған адам.

Энциклопедист ғалым, заңгер, экономист, географ, тарихшы, этнограф, әдебиет сыншысы, қазақ өлкетануының негізін қалаушылардың бірі және қазақтың алғашқы кәсіби публицисті.

О. Бедарева,

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo