Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Болашақ филолог» облыстық пәндік олимпиадасы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы онлайн режимде «Болашақ филолог» облыстық пәндік олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға барлығы 35 оқушы қатысып, үш кезең бойынша сайысқа түсті.

Олимпиада талаптары мынадай болды: 1-кезең – «Ойлы болсаң, озып көр» («Бәйге», тест сұрақтарына жауап беру), 2-кезең – «Тапқыр болсаң, тауып көр» (ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру), 3-кезең – «Жүзден жүйрік» (тез-тез қойылған сұрақтарға нақты, жылдам жауап беру).

Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: I орын – Өскемен қаласы А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алина Маликова, II орын –  Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушысы Меруерт Қуаныш, Семей қаласы С. Бегалин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Шұғыла Манатаева, III орын – Өскемен қаласы Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әсем Сағымжанова, Тарбағатай ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аяужан Тұрдыбаева, Алтай ауданы №1 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қарақат Жанарбек.

Онлайн олимпиада алғаш рет өткізілгенімен қатысушы оқушылар талаптарды қатаң сақтап, қызығушылықтарын танытты.

Олимпиада ұйымдастырушылары оқушыларға жетістіктер мен шығармашылық шабыт тіледі.

Г. Апышева,

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының

 аға оқытушысы 

Қазақ
× You found a Typo