Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да болашақ заңгерлердің шешендік дағдыларын қалыптастыру туралы дөңгелек үстел өтті

«Парасат жолы» орталығында С.Аманжолов атындағы ШҚУ Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында «Сөздің көркі – мақал» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар доценттер Г.Т.Байркенова мен Ж.Е.Садықанова болашақ заңгерлердің шешендік дағдыларын ұлттық мәдениеттің құндылықтарымен таныстыру арқылы қалыптастыру қажет деп санайды, олар мақал-мәтелдерде айқын көрініс тапты.

Заңгер ғалымдардың пікірінше, мақал-мәтелдер – бұл қоғамның іргелі құндылықтарын білдіретін негізгі құқықтық идеялар мен принциптердің белгілі бір жиынтығы.

Сонымен қатар мақал-мәтелдер – қазақтардың әдеттегі құқығының қайнар көздерінің бірі, онда негізгі материалдық және іс жүргізу нормалары көрсетілген.

Дөңгелек үстел жұмысына Риддер қалалық сотының судьясы Әйгерім Хайрулинова, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, суырып салма ақын Аян Қалымбеков, «SANALY URPAQ» студенттер клубының мүшелері, «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел тақырыбын талқылау барысында билер, шешендер және сот билігінің өкілдері туралы, сондай-ақ XV-XVIII ғасырлардағы әдеттегі құқық нормалары бойынша сот ісін жүргізу туралы мақал-мәтелдер қарастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысқаны үшін қонақтарға және 1 курс студенттері Нұрай Тоқтароваға, Ердес Советбековке, Самат Кінәсіловке алғыс білдіреміз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo