Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Болашақ журналист» атты облыстық пән олимпиадасы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы облыс мектеп оқушылары арасында «Болашақ журналист» онлайн пән олимпиадасын өткізді.

«С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дағы оқушылар олимпиадасы туралы ережеге» сай қатысушылар «Таныстыру...», «Жас публицист», «Дода» атты үш кезең бойынша білімдерін саралап, бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік таныстыру» номинациясына Күршім ауданы Ю. Гагарин атындағы №1 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Ақбота Айтқалиева, «Жас публицист» номинациясына Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Меруерт Қуаныш, «Ділмар журналист» номинациясына Семей қаласы №9 мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы Алиса Ивкина лайық деп танылды.

3 орынды Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Назлы Хадхан, Глубокое ауданы М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушысы Аягөз Жеңісбекқызы мен Тарбағатай ауданы Жамбыл атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Диана Әбдешова, 2 орынды Өскемен қаласы №48 мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Аяжан Абайханова мен Өскемен қаласы Б. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің оқушысы Айназ Түйірбаева, ал 1 орынды Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия лицейінің оқушысы Дидар Ерболатқызы иеленді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo