С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да II семестрден бастап студенттерге арналған жұмыс орындарының атаулы жәрмеңкелері басталды, Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысатын бұл жәрмеңкелерде электронды еңбек биржасы (Enbek.kz), жастар тәжірибесі, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және «Серпін» бағдарламасы туралы ақпарат ұсынылады.
Ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында университетте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуды аяқтайтын түлектерді бөлуді ұйымдастырудың циклограммасы, 2020-2021 оқу жылына арналған дербес бөлу жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.
Сонымен қатар, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы 4 курс студенттерімен әр мамандық бойынша қайталама ақпараттық-түсіндіру кездесулер кестесін бекітті.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Қаржы орталығының электрондық базасын толтыру, сондай-ақ 2021 жылғы түлектерді алдын ала жұмысқа орналастыру туралы ақпарат жинау жалғасуда.
Баспасөз қызметі