С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім алушылардың цифрлық сауаттылығы аясында бес білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«5В06102-Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша бес өзекті пән оқытылады: «Роботты техника және жасанды интеллект», «Роботтарды басқаруды бағдарламалау», «Risk Management және IT-дегі стандарттар», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», «Виртуализация және бұлтты технологиялар».
«5В06103-компьютерлік мехатроника» білім беру бағдарламасы шеңберінде жеті пән іске асырылады: «Роботты техникалық электроника», «Роботты техникадағы математикалық модельдер мен әдістер», «Компьютерлік модельдеу және 3D-принтинг», «Виртуалды шындық технологиялары», «Конструкциялық материалдар технологиясы», «Материалдарды таңдау әдіснамасы», «Нейропсихология және жасанды интеллект».
Сонымен қатар, «6М01501-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО-да «Интерактивті оқыту сервистері», «Білім берудегі STEM-амал-тәсілдер», «Мектепте жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытудағы инновациялық технологиялар», «7М06101-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «Бұлтты есептеу модельдері», «Бизнес-аналитика және үлкен деректер», «7М01501-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «Электрондық оқытудағы бұлтты есептеу технологиялары» және «SWOT-талдауды қолдану құрылымы мен тәжірибесі» пәндері бойынша оқыту жүргізіледі.
Осы пәндер шеңберінде алынған сандық сауаттылық бойынша білім мен іскерліктер бүгінде еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.
Баспасөз қызметі