Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да цифрлық педагогика бойынша әдебиеттер көрмесі ашылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының жанындағы Цифрлық педагогика зертханасы мен Ғылыми кітапханамен бірлесе отырып, студенттерді, магистранттарды, қызметкерлер мен оқытушыларды цифрлық педагогика бойынша әдебиеттер көрмесіне шақырады.

Көрмеге С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдарының еңбектері және педагогтың құзыреттілігі, білім берудегі инновациялық технологиялар, IT-білім беру туралы цифрлық педагогика бойынша ресейлік басылымдар қойылған.

Көрме цифрлық педагогика зертханасында жұмыс істейді (№1 оқу ғимараты, 250 кабинет).

Сонымен қатар, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы сізге үйден шықпай-ақ онлайн көрмені тамашалауға мүмкіндік бере алады.

Оқулықтардың электронды нұсқаларымен «РУХАНИЯТ» электронды кітапханасы сайтынан таныса аласыз.

М. Бекбаева,

Цифрлық педагогика зертханасы меңгерушісінің міндетін атқару

Қазақ
× You found a Typo