Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Дана халақтың дара Абайы» кітап көрмесінің виртуалды тұсаукесері өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы студенттер мен оқытушыларды «Дана халақтың дара Абайы» кітап көрмесінің виртуалды тұсаукесеріне шақырады.

Көрмеге 2015 жылдан 2020 жылға дейін жинақталған «Қазақ университеті» баспасынан шығарылған абайтану бойынша таңдаулы зерттеулерді «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» сериясымен шыққан көптомды басылым қойылған. Шығармалар жинағына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, М. Әуезов сынды әйгілі тарихи тұлғалардың әдебиеттанудан еңбектері енген.

2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Абай шығармашылығы қазақ және әлемдік мәдениет тарихында ерекше орын алады. Оның халық тағдыры, болмыс мәселелері, тұлға психологиясы туралы терең философиялық ойлары, нәзік лиризмге, қазақ даласының әуеніне толы шығармалары әр түрлі ұрпақтардың оқырмандарын баурап алады. Демек, зерттеушілердің Абай мұрасына деген қызығушылығы, оның шығармашылығы тек қазақ әдебиеті тарихында ғана емес, қазақ халқының тарихында да ерекше құбылыс болып саналады.

С. Аманжоловтың 1942 жылдан 1959 жылға дейін жазған  «Абай және қазақтын жазба әдеби тілі» мақаласымен 39 томда таныса аласыздар. Бұл жерде ғалым Абайдың шығармашылығын А. Пушкин, И. Крылов, Н. Некрасов, И. Гете, М. Лермонтов өлеңдерінің шебер аудармашы ретінде қарастырған:

Горные вершины

Спят во тьме ночной.

Тихие долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы...

Подожди немного,

Отдохнешь и ты.

Абайдың аудармасында бұл өлең жолдары былай шыққан:

Қараңғы түнде тау калғып,

Ұйкыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

Әуен ырғағына керемет түсетін аударма.

Көрмеде сонымен қатар А. Темірболат пен Н. Кенжеғараевтың «Абайдың поэтикалық әлемі» атты монографиясы ұсынылды. Авторлар өз кітабында Абайдың көркем әлемінің өзіндік ерекшелігін зерттейді. Абай поэзиясындағы уақыт пен кеңістік функциялары анықталады. Кітап Алматыда 50 дана таралыммен жарық көрді.

Көрмеге қойылған кітаптың біреуі және бірегейі болып заманымыздың заңғар ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметұлының «Абайдың «Толық адам» ілімі» атты Абай танымын қазіргі заманға сай көзқараспен саралап, соны тұжырымдап ұсынған «Қазығұрт» баспасынан 500 дана таралыммен шыққан керемет еңбегі толықтырады.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ 

Ғылыми кітапхана

 

Қазақ
× You found a Typo