Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да дефектолог-студенттерге арналған оқу практикасы бойынша нұсқаулық конференция өтті

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасында ППжМФ әдістемелік онкүндігі аясында «Дефектология» білім беру бағдарламасының күндізгі оқу бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған оқу практикасы бойынша нұсқаулық конференция өтті. 

Студенттер екі апта бойы жұмыс жоспарымен, мазмұнымен, мақсаттарымен, міндеттерімен және жоғары білім алу шеңберінде бірінші практиканы өткізу ерекшеліктерімен танысты.

Сонымен қатар, оларға есептік құжаттарды толтыру және С.Аманжолов атындағы ШҚУ порталына жүктеу мысалдары көрсетілді.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo