Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Дефектология апталығы аяқталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да өткен Дефектология апталығының соңғы күні екі маңызды оқиғадан тұрды – монстрация және бірінші курс студенттерін «дефектолог антымен» студенттер қатарына қабылдау рәсімі.

Монстрация Дүниежүзілік балалар күнінде өтті. Дәл осы күні «Бала құқықтары туралы конвенция» қабылданған-ды. Студенттер монстрацияға арналған плакаттарды дайындауда түсіністік, эмпатия, қызығушылық, кәсіби мотивация көрсетті. Кәсіби маман үшін даму кемістігін ғана емес, сонымен қатар мүмкіндіктерді де көру өте маңызды. «Балалар гүл тәрізді, барлығы әдемі және әр түрлі» деп жазды Жібек Жақсыбай және оны шараға қатысқан 93 қатысушының бәрі қолдады.

Монстрацияға студенттер мен қонақтар өздерінің плакаттарымен келді, оларды талқылады, дауласты... Бұл пікір білдіруге, шығармашылықты көрсетуге, пікірталастарға қатысуға, басқа біреудің пікірін құрметтеуге, сол пікірдегі құнды нәрсені табуға, бірігуге мүмкіндік береді.

Екінші маңызды оқиға бірінші курс студенттерін жоғары курс студенттерімен біріктірді. Бұл қашықтықтан оқыту жағдайында маңызды. Бірінші курс студенттері өздері туралы айтты. Жоғары курс студенттері өздері және өз өмірлері туралы бейнефильмдер көрсетті.

Бірақ ең есте қаларлық сәт «дефектологтың анты» болды. Оны 4 курстың ең жақсы логопедтері екі тілде жақсы дикциямен айтты. Әр бірінші курс студенті алақанын экранға қойып, антын растады.

Дефектология апталығының қорытындысында мамандық бойынша үздіктер марапатталып, үздік эсселер аталып өтілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo