Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да дефектология апталығының екінші күні өтті

17 қараша – «ДЕФЕКТОФЕСТ» дефектология апталығының екінші күні. Бұл күн сурдопедагог мамандығына арналған.

Психология және түзету педагогикасы кафедрасының жетекші сурдопедагогы А.М. Қамзина студенттерге осы мамандықтың барлық қыр-сырын ашып берді. Студенттер ым-ишарамен сөйлеуге үйреніп, қарым-қатынастағы аса қажетті сөздермен, тіркестермен танысты: «Сәлем», «Сау болыңыз», «Рахмет», «Мен сені жақсы көремін», «Үйге жүр» және тағы басқалар.

Сурдопедагогика мамандандыруы бағытында дәріс алатын студенттер бұл іс-шараға арнап ымдау тілінде әндер мен өлеңдер дайындады. Дилмира Хайдарқұлова «Мен қазақпын» әнін, Жұлдыз Көпжасарова «Жить» әнін орындады. Арайлым Ағатаеваның орындауында «Жұлдыз-ай» әні шырқалды. Дәмегүл Бүркіт «Айта берсін» композициясын ымдап көрсетті. Күләш Қалдыбаева Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін ым-ишара тілінде оқыды, Наргиз Сайфурова «Мама, сен менің жұмағымсың!» әнән орындады. Концерт әсерлі әрі әдемі болды. Студенттер мен оқытушылар Google сауалнамасы арқылы байқау жеңімпаздарын анықтау үшін дауыс берді.

Бас жүлдені Дилмира Хайдарқұлова, 1 орынды Наргиз Сайфурова, 2 орынды Дәмегүл Бүркіт,  Күләш Қалдыбаева, 3 орынды Арайлым Ағатаева, Жұлдыз Көпжасарова иеленді.

Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және жанкүйерлер сүйіспеншілігімен марапатталды.

Ертең біздің апталықтың 3 күні – Тифлопедагогика күні. Сіздерді көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшаға виртуалды экскурсияға шақырамыз, мұнда сіз облысымыздағы жетекші маман-тифлопедагогына сауалдар қоя аласыз.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo