Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында кездесу өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да студенттер мен дін істер басқармасы мамандары арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және Қазақстанның ұлттық құндылықтары» тақырыбында кездесу өтті.

Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл секторының бас маманы Дарын Тұрганбаев пен дінтанушы, педагогика-психология ғылымдарының магистрі Берік Қадіров жат діни ағымдар, олардың белгілері, миссиялары мен ұстанымдары, экстремизм мен тероризм туралы мағлұмат берді.

– Егер таныстарыңыздың не жақындарыңыздың жат ағым жетегінде жүргенін байқасаңыз, 114 жедел желісіне хабарласуға болады, – деді мамандар.

Кездесу соңында қонақтар ұлттық құндылықтарды бағалау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жөнінде айтып, студенттерге оқуларын табысты аяқтап, жетістіктерге жетулерін тіледі.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo