Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да директорлар Кеңесі бекіткен проректорлар ұсынылған

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ директорлар кеңесі университеттің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры және университеттің экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректорының кандидатураларын бекітті.

Проректорлардың кандидатурасын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә.Төлеген ұсынды.  

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚПҒА (Қазақстан) және ХПҒА (Ресей) корреспондент-мүшесі Ирина Владимировна Ровнякова бекітілді. 

Жұмыс тәжірибесі: 1991-2003 жж. – № 15 орта мектеп, тарих, қоғамтану және құқық мұғалімі; 2003-2004 жж. – Шығыс Қазақстан техникалық-гуманитарлық колледжі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; 2004-2006 жж. – Шығыс Қазақстан экономика және статистика институты, Экономика және менеджмент факультетінің деканы; 2006-2010 жж. – ШҚО ПҚБАИ, "Білім берудегі инновациялар" кабинетінің меңгерушісі, облыстық білім беру сапасын мониторингтеу және бағалау қызметінің басшысы.

2010 жылдан бастап И.В. Ровнякова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейді.

Ирина Владимировна Ровнякова Педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, Педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, Психология-педагогика факультетінің деканы, ЖОО біліктілікті растау орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдан – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, 2018 жылдан – университеттің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.

И.В. Ровнякова – 3 монографияның, 11 оқу-әдістемелік құралдың, 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ол "Конституцияға 20 жыл", "Ерен еңбегі үшін", "Университетті дамытуға қосқан үлесі үшін" медальдарымен, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, "Nur Otan" партиясының, ҚР БҒМ Білім және ғылым министрінің, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, ШҚО және Өскемен қаласы әкімдігінің, ШҚО білім басқармасының, "Өрлеу "БАҰО" АҚФ-ның, "Ұлттық ақпараттандыру орталығы" АҚ-ның және басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталған.

28 қаңтардан бастап Ирина Владимировна Ровнякова – Басқарма төрағасының орынбасары – "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КЕАҚ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. 

Экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректор болып педагогика ғылымдарының магистрі, философия докторы (PhD) Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш тағайындалды.

2009 жылдан 2016 жылға дейін ол ақпараттық технологиялар және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының зертханашысы, Ақпараттық технологиялар бөлімінің бағдарламашысы, маман, жетекші маман, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаментінің кешенді тестілеу бөлімінің басшысы, ҚР ДСӘДМ денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаментінің жобаларды басқару бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары (Нұр-Сұлтан қ.).

2016-2020 жылдар аралығында ол – "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ жобалар жетекшісі, трансформация басшысы, "Зерде" холдингінің архитектураны әзірлеу департаменті қаржы-экономикалық сала сәулет басқармасының басшысы, "Зерде" холдингінің архитектураны әзірлеу департаментінің директоры, "Зерде" холдингінің цифрлық трансформация департаментінің директоры (Нұр-Сұлтан қ.).

28 қаңтардан бастап Бекіш Ұлан Абдилкаилұлы –  "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КЕАҚ Басқарма мүшесі – экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректоры.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo