Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы болып Білім және ғылым вице-министрі М. Дәуленов сайланды

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің алғашқы отырысы университетте өтті, оның барысында Білім және ғылым вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дәуленов КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Сонымен қатар, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ корпоративтік хатшысы тағайындалды, өкілеттік мерзімі мен лауазымдық жалақы мөлшері анықталды. Корпоративтік хатшы болып Нәзия Қазбекқызы Жукокова тағайындалды.

Сонымен қатар, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректорын сайлау және тағайындау, басқарма мүшелерін сайлау тәртібін бекіту және ЖОО құрылымы мен штат санын бекіту мәселелері қаралды.

КЕАҚ Директорлар кеңесінің жұмысына «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшелері: Дәуленов Мирас Мұхтарұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі – төраға; Тойбаев Амангелді Сағынбайұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысқан мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы; Оспанғалиев Қажұқан Әлімханұлы – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары; Махсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы – Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы; Ерназар Шынасыл Жеңісұлы – «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ фронт-офисінің бірінші вице-президенті, тәуелсіз директор; Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ стратегиялық зерттеулер және болжамдау қызметінің аға ғылыми қызметкері, тәуелсіз директор қатысты.

Отырыстан кейін Директорлар кеңесінің мүшелеріне экскурсия ұйымдастырылды. Олар «Рухани жаңғыру» конференц-залында, «Altai jastary» телестудиясында, «Назарбаевтану», «Зияткер» орталықтарының акт залдарында, ШҚО білім мұражайында, асханада, «Абайтану» институтында, Ғылыми кітапхананың сирек кітаптар қоры көрмесінде, цифрлық педагогика зертханасында, сондай-ақ А.Н. Трунов атындағы фитнес-орталықта болып, университетте білім алып жатқан облыстың және республиканың танымал спортшыларымен кездесті. 

Баспасөз қызметі    

Қазақ
× You found a Typo