Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша семинар өтті

ШҚУ-да «Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша құжаттаманы жетілдіру және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру туралы» әдістемелік семинар өтті.

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша құжаттаманы жетілдіру туралы» семинар өтті. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жоспарлары мен перспективалары, «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нұсқау» жобасы талқыланды. Семинар жұмысына кафедра бойынша әдістемелік жұмысқа жауаптылар, білім беру бағдарламаларының басшылары мен менеджерлері қатысты.

Білім беру бағдарламаларының әдістемелік қолдау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру туралы, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы, нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер туралы Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры, э.ғ.к. А.К.Әліпова, білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімінің бастығы С.С.Оразова баяндама жасады.

«Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нұсқаулық» жобасын талқылауға Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.к. Ж.З. Жантасова, Химия кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Б.К.Шаихова, Математика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Е.Е.Ерғалиев және басқалар қатысты.

Білім беру бағдарламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo