Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да дәстүрлі «Студенттік көктем» байқауы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жыл сайынғы дәстүрлі «Студенттік көктем» байқауы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып, «Ұлттық бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық» атты тақырыпта болып өтті.

Байқауға Педагогика, психология және мәдениет факультеті, Экономика және құқық факультеті, Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, алғаш рет Жоғары колледж қатысты.

Сайыс 19-23 сәуір аралығында онлайн форматта өтіп, гала-концерт 26 сәуір күні болды. Барлық қойылымдар оқу орнымыздың «ВКГУ Пресса» ютуб каналында көрермен назарына ұсынылды.

Байқау қорытындысы:

Вокал «Алтын дауыс» номинациясы (20 000 тг) – Венера Тілеубаева, «Халық биі» номинациясы (20 000 тг) – Педагогика, психология және мәдениет факультеті, «Эстрадалық би» номинациясы (20 000 тг) – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, «Заманауи би» номинациясы (20 000 тг) – Экономика және құқық факультеті, «Спорттық би» номинациясы (20 000 тг) – Экономика және құқық факультеті, «Көркемдік оқу» номинациясы (20 000 тг) – Әнел Қинаятова, «Үздік жайдарман» номинациясы (20 000 тг) – Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, «Үздік режисерлық шешім» номинациясы (20 000 тг) – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, «Үздік театрлық қойылым» номинациясы (20 000 тг) – Жоғары колледж, «Үздік кәсіби бағдар ролигі» номинациясы (20 000 тг) – Экономика және құқық факультеті, «Оригиналды жанр» номинациясы (20 000 тг) – Экономика және құқық факультеті, «МИСС ШҚУ» номинациясы (10 000 тг) – Динара Бажақова, «МИСТЕР ШҚУ» номинациясы (10 000 тг) – Рахат Сәрсембеков, Дебют (20 000 тг) – Жоғары колледж, III орын (50 000 тг) – Педагогика, психология және мәдениет факультеті, II орын (80 000 тг) – Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, I орын (100 000 тг) – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, Бас жүлде (150 000 тг) – Экономика және құқық факультеті.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлім

Қазақ
× You found a Typo