Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Дүниежүзілік туризм күніне арналған республикалық онлайн-конференция өтті

25 қыркүйекте Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында экономика және басқару кафедрасы «Дағдарыстан кейінгі кезеңде туризмді дамытудың мәселелері мен болашағы» атты республикалық онлайн-конференция өткізді.

Конференция модераторы болып экономика және басқару кафедрасының доценті, э.ғ.к. Ғайний Қойшинова қатысты. Конференция жұмысына С. Аманжолов атындағы ШҚУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Өскемен қаласының білім бөлімі, О. Бөкей атындағы Глубокое қазақ орта мектебінен 50-ден астам адам қатысты.

Конференция жұмысы экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Ержан Домалатовтың құттықтау сөзімен, «Туризм» мамандығы 1 курс студенттерінің құттықтау видеосымен басталды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ доценті, э.ғ.к. Г.К. Қойшинова «Шығыс Қазақстан облысындағы туризм саласының дамуындағы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың рөлі», ШҚУ доценті, э.ғ.к. Е.С. Ситникова, «Туристік индустрияны дамытудағы адами капитал», Өскемен қаласы білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» бойынша әдіскері Ж.К. Жаңабаева «Хакім Абай жолымен», ШҚУ доценті, э.ғ.к. К.Ж. Шолпанбаева, «Туристік бизнесте есеп ұйымдастыру», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенттері Е.Т. Тлетай мен А.Н. Әбенова «Пандемия кезіндегі Қазақстан туризмінің экономикалық әл-ауқаты», ШҚУ «Туризм» мамандығының эдвайзері А.С. Асубаева «Туризм мамандығының білім беру нарығындағы сұранысы», Глубокое ауданы О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары Д.Н. Беріков пен Е.Е. Аймұқанов баяндама жасады.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo