Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да екінші семестрде 1 курс студенттері үшін оқыту аралас форматта өтеді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дағы білім беру процесі 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде 1 курс студенттері үшін аралас форматта (корпустардың аудиторияларында, кабинеттерінде және зертханаларында) да, қашықтықтан да өтеді.

Мұндай формат ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 24.12.2020 жылғы шешіміне сәйкес қабылданды. 

2-3 курс студенттері қашықтықтан оқуын жалғастыруда, диплом алдындағы және кәсіптік практика 4 курста шартқа және кәсіпорынның (объектінің) қызметіне сәйкес қашықтықтан/аралас форматта өткізіледі.

Студенттер COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа вирустық аурулар белгілері болған жағдайда қашықтықтан оқытуды жалғастыра алады. Ол үшін олар факультеттер кеңесі жанындағы сапаны қамтамасыз ету комиссиясының отырысында қаралатын өтініштерді жазуы керек.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo