Экономика және басқару кафедрасы университеттің Ғылыми кітапханасымен бірлесіп «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру» тақырыбында Zoom платформасында әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың модераторы Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Е.Б. Домалатов болды.
Әдістемелік семинардың мақсаты – Экономика және басқару кафедрасы оқытушыларының оқу құралдары мен ғылыми еңбектері, сондай-ақ «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында экономикалық бағыт бойынша аударылған оқулықтар туралы кафедраның білім алушыларын ақпараттандыру.
Семинар жұмысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы Л.П. Ершова «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған жаңа кітаптар» тақырыбында, Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Л.М. Ахметова «Экономика және басқару кафедрасы оқытушыларының оқу құралдары мен ғылыми еңбектері» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар соңында кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы студенттерге өз еңбектері туралы толығырақ мәлімет берді.
Экономика және басқару кафедрасы