Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Экономика және басқару кафедрасы студенттік ғылыми үйірмесінің онлайн отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Экономика және басқару кафедрасының СҒЗЖ бойынша студенттік үйірмесінің отырысы ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.

Үйірме отырысы үйірменің жаңадан қабылданған мүшелерін ғылыми мақаланы дұрыс жазуға, әдеби шолу жасауға және ғылыми журналдар мен конференцияларды іздеуге үйретуді мақсат етті. Студенттік үйірме отырысына Экономика және басқару кафедрасының 2-4 курс студенттері қатысты.

Негізгі баяндамашылар – аға оқытушы А.Ж. Байгужинова «Ғылыми мақала жазу ерекшеліктері» тақырыбында, экономика мамандығының 4 курс студенті Т. Мацокина «Мақала жазу» тақырыбында баяндама жасады.

Үйірме отырысы барысында аға оқытушы  Г.Т. Қисамбина 2020 жылдың күзіне жоспарланған халықаралық конференциялар туралы ақпаратпен бөлісті.

Ал Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Е.Б. Домалатов студенттер үшін ғылыми мақала жазу мен оны жариялаудың дағдыларын қалыптастырудың оқу үрдерісіндегі маңыздылығы туралы сөз сөйледі.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo