Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эссе байқауының қорытындысы шығарылды

Экономика және басқару кафедрасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына: Қазақстан экономикасының трансформациясы» тақырыбында эссе байқауын өткізді, оған «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Туризм», «Менеджмент», «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар плагиат тексерісінен өтті. Жұмыстың өзіндік дәрежесі – конкурстық жұмысты бағалаудың маңызды критерийлерінің бірі. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

1 орын – Дәуітова Аида («Туризм» ББ, 2 курс);

2 орын – Абзалханов Арғын («Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ, 2 курс), Құрманбекова Аружан («Экономика» ББ, 2 курс);

3 орын - Қырықбаева Мадина («Экономика» ББ, 2 курс), Мырзабекова Айым («Менеджмент» ББ, 1 курс), Мұратова Ділназ («Есеп және аудит» ББ, 1 курс).

Қазылар алқасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ 2 курс студенттері Әнел Сәдуақасованың креативтілігі мен шығармашылығы үшін және Нұрсұлтан Тоқанның өзіндік ерекшелігі үшін жұмыстарын атап өтті. 

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo