Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Еліміздің шекарасын белгілеу, бекітудегі Елбасының еңбегі» кураторлық сағаты өтті

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында «Еліміздің шекарасын белгілеу, бекітудегі Елбасының еңбегі» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбиелік іс-шараны «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттері мен кураторы Бердібек Бияров ұйымдастырды.

Кіріспе сөзде Бердібек Нұралдаұлы Тәуелсіздік алғаннан соң, 1992 жылы басталған Қазақстанның шекарасын делимитациялау, демаркациялау жұмыстарының 2006 жылға дейін созылғанын және ол істің сәтті жүргізілуінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Дәуір тудырған Елбасы» мақаласында ол істі былай бағалайды: «Бұл жұмыстарды Нұрсұлтан Әбішұлының өзі басқарды. Әрбір детальға мән беріп, жоғары деңгейдегі келіссөздер кезінде табандылық танытты, әр мәселе бойынша біздің шекарамызды сенімді түрде негіздеп отырды».

1 курс студенттері өздері жинаған деректерді келтірді. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы 7598 шақырым, Қазақстан мен Қытай арасындағы 1783 шақырым, ҚР мен Өзбекстан арасындағы 2300 шақырым, Қырғызстан арасындағы 980 шақырым, ҚР мен Түркіменстан арасындағы 468,3 шақырым шекара көп дау-дамай туғызбай бекітілгенін келтірді. Мұндағы Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара құрғақ жерден өтетін ең ұзын шекаралардың бірі деп танылатыны атап өтілді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo