Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Елін ойлаған Елбасы» тәрбие дәрісі өтті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Журналистика» мамандығының 1-4 курс студенттеріне «Елін ойлаған Елбасы» атты тәрбие дәрісі болып өтті.

Онда жеке тұлғаны қалыптастырудағы сапалы білім мен саналы тәрбиенің басым бағыттары, жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, тарихын, туған тілін мемлекеттік рәмізін құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, Отанын елін сүюге тәрбиелеу туралы Елбасының сындарлы ойлары ортаға салынды.

Н.Ә. Назарбаевтың «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық – біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік» деген ойы тілге тиек етілді.

Шара барсында 1 курс студенті Ділназ Әнуарбек Елбасыға арнауын оқыды. Елбасының өмірінен сыр шертетін бейнероликтер көрсетілді. Оқытушылар дамыған елу елдің қатарына ену үшін жастарды бәсекеге қабілетті, сапалы білім, саналы тәрбие алуға шақырды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы 

Қазақ
× You found a Typo