Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Еуразиялық психологиялық ғылым үрдістері бойынша халықаралық конференцияның секциялық отырыстары өтті

«Еуразиялық психологиялық ғылым және тәжірибе: пәнаралық тенденциялар» атты халықаралық конференциясының секциялық отырыстары өтті.

Бірінші секция әлеуметтік-психологиялық мәселелерге арналды, олардың ішінде жалғыздық феномені, соттық медицинаның спецификасы, жиі және сирек ауыратын балаларды тәрбиелеу, оқу орнына бейімделу және т.б.

Б. Төлепбергенованың, Ж. Омарованың, И. Грохотованың, Ю. Ларионованың, Э. Амиренованың баяндамалары қызықты әрі мазмұнды болды.

Екінші және үшінші секцияда психологиялық-педагогикалық және психологиялық-дефектологиялық мәселелерді зерттеудің ғылыми негіздері қаралды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу мәселесіне назар аударылды.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған №1 Рудный арнайы мектеп-интернаты ұжымы 18 жылдық тәжірибесімен бөлісті. Бұл процесте инклюзивті білім беру мәселелері бойынша нәтижелі пікірталас туындады.

Баяндамалардың мазмұны, психологиялық-педагогикалық және психологиялық-дефектологиялық мәселелерді зерттеу ықпалдары  пәнаралық зерттеулердің, әсіресе психология және арнайы білім беру саласындағы қажеттілігі мен кең мүмкіндіктерін растады.

Секциялардың жұмысы қоғамның және студент жастардың қызығушылығын тудырды. Қатысушылар саны 100-ден асты.

Ұсынылған баяндамалармен конференция жинағында танысуға болады.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo