Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Еуразиялық психологиялық ғылым және тәжірибе: пәнаралық үрдістер» халықаралық конференциясының ашылуы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Қазақстан, Ресей,  Түркия, Қырғызстан ғалымдарының қатысуымен «Еуразиялық психологиялық ғылым және тәжірибе: пәнаралық үрдістер» халықаралық онлайн конференциясының пленарлық отырысы өтті.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген құттықтау сөз сөйлеп, аймақтағы психологиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуы үшін Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының маңызын атап өтті. Оның сөздерін Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры А.Р. Ерментаева қолдап, Шығыс Қазақстан психологиялық мектебінің қалыптасуына әр ғалымның қосқан үлесін айтты. Мамандық түлегі Л.В. Левина алғыс айтып, жылы лебіз білдірді.

Түркия, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндама жасады. Үскүдар университетінің өкілдері – доктор Абульфез Сүлейманлы және доктор Асыл Өздоғру біздің заманымыздың өзекті мәселелеріне – пандемия кезіндегі жалғыздыққа, психологиядағы репликациялық зерттеулерге тоқталды.

І. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің өкілі М.М. Высоцкая халықаралық қатынастар бойынша маман даярлаудағы психологиялық сауаттылықтың рөлі мен орнын көрсетті. Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің профессоры В.В. Гриценко жастардың эмиграциялық ниеттерінің әлеуметтік-психологиялық кеңістігінің авторлық моделін ұсынды.

«Қазақ психологиялық қоғамының» президенті, ҚазҰЖҒА академигі, Қайнар академиясының проректоры М.Ә.Перленбетов баяндамасы қызығушылық тудырды.

Пленарлық отырыс «Психология» мамандығының 30 жылдығына арналған онкүндікті салтанатты түрде ашуға мүмкіндік берді.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo