Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ЭжҚФ студенттерімен онлайн кураторлық сағат өтті

«Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері куратор С.Д. Дүйсембаеваның деканның орынбасары А.С.Асубаевамен және ЖІК төрайымы Аружан Құрманбековамен бірге өткізген онлайн-кураторлық сағатына қатысты.

Ал «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенттері куратор Қ.Ж. Шолпанбаева өткізген кураторлық сағатқа қатысты.

Куратор Л.М. Ахметова «2020-2021 оқу жылының 1 семестрінде оқу процесін ұйымдастыру» атты кураторлық сағат тақырыбы бойынша сөз сөйледі, онда қашықтықтан оқыту жүргізілетін білім беру интернет-платформасының (білім алушының мінез-құлық ережелері мен жұмыс орны, техникалық дайындығы, имиджі және желілік этикетті сақтауы) мәселелері қарастырылды.

Л.М. Ахметованың айтуынша, қашықтықтан оқыту кезеңінде студенттерге оқу, техникалық жабдықтау, онлайн-дәрістердің конспектілерін жүргізу әдістемесін игеру, сабақтан тыс уақытты тиімді бөлу және сабаққа уақытылы дайындалу, электрондық әдебиеттермен өз бетінше жұмысты дұрыс ұйымдастыру мәселелері бойынша жүйелі кеңес беріліп, көмек көрсетілетін болады.

Бұдан басқа, үлгерім, тәртіп мәселелері бойынша студенттік топтарда онлайн-форматта апта сайын әңгімелесулер өткізіледі, білім алушылардың өзін-өзі тануына және өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал ететін оқу тәртібін нығайту және білім алушылардың өз бетінше дайындығының сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Асубаева Студенттердің ғылыми қоғамының (СҒҚ) жұмысына қатысуы туралы айтып, оларды спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға, университеттің студенттік бастамалар орталығының шығармашылық ұжымдарына қатысуға тартуды ұсынды.

Экономика және құқық факультеті

Қазақ
× You found a Typo