Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да физика кафедрасының STEM оқыту технологиялары бойынша онлайн семинар өтті

Физика кафедрасының әдістемелік секциясының жұмысы аясында колледж мұғалімдері мен оқытушыларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында STEM оқыту технологиялары» тақырыбында халықаралық қатысумен онлайн әдістемелік семинар өтті.

Семинарды Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің физика мұғалімі Дария Родионова өткізді.

Семинар жұмысына 65 адам қатысты. Олардың арасында Өскемен, Риддер, Алтай, Шемонаиха қалалары оқу орындарының, облыс аудандары мектептерінің мұғалімдері мен оқытушылары болды.

ШҚО қатысушыларынан басқа, семинар жұмысына Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің, Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің, Хакас политехникалық колледжінің (Абақан қ., Ресей) педагогтары қатысты.

Физика кафедрасының әдістемелік жұмысы республикалық және халықаралық деңгейге өтті.

ЖҒжТФ

Қазақ
× You found a Typo