Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да физика пәні бойынша студенттерге арналған онлайн олимпиада өтті

2 курс магистранттары және олардың эдвайзері Г.Т. Иманжанованың ұйымдастыруымен 2-4 курс студенттері арасында физика пәні бойынша онлайн олимпиада өтті.

Іс-шараның мақсаты дарынды студенттерді анықтау, көтермелеу болды.

Ұйымдастырушылар олимпиаданы қатысушылардың академиялық адалдығын сақтай отырып өткізу, сондай-ақ компьютерлік платформаларды пайдалану арқылы физиканы оқуға деген ынтаны арттыру міндетін қойды. Олимпиада екі турдан тұрды. Бірінші тур – іріктеу туры Kahoot платформасында онлайн ойын арқылы өтті. 1 турдың нәтижелері бойынша 2 турға өткен көшбасшы студенттер анықталды. Екінші тур да онлайн өтті, қатысушылардың жұмысын ZOOM платформасы арқылы комиссия бақылап отырды.

Қорытынды бойынша 1 орынды «Физика» мамандығының 4 курс студенті Аружан Толықбаева, 2 орынды «Ядролық физика» мамандығының 2 курс студенті Назар Төлеуханов, 3 орынды «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2 курс студенті Меруерт Кабжылманатова және «Физика» мамандығының 3 курс студенті Акмарал Смайылова иеленді.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo