Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Ғылым-2021» ғылыми-техникалық конференциясы өтті

Университеттің ғылым және шығармашылық айлығы аясында компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы ZOOM платформасында онлайн форматта «Ғылым-2021» ғылыми-техникалық конференциясын өткізді.

Модератор – кафедра доценті С. Адиканова.

Талқылауға IT-мамандықтары студенттерінің 11 баяндамасы ұсынылды. Талқылауға кафедра меңгеруші Ж.З. Жантасова, қатысушылардың ғылыми жетекшілері, Технологияларды коммерцияландыру және инновациялар бөлімінің басшысы Е.Б. Домалатов атсалысты.

Конференция мақсаты – жоғары дайындық деңгейі және ғылыми жұмысқа бейімділігі бар дарынды студенттерді анықтау.

Қатысушылар өздері әзірлеген бағдарламалық қосымшаларды, электрондық оқу құралдарын және VR-турларды көрсетті, олар өндірістік практикадан өту кезінде мектептерде және басқа ұйымдарда сыналды.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo