Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ғылым мен шығармашылық айлығы басталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2021 жылдың «Ғылым және шығармашылық» айлығы басталды, ол 5-30 сәуір аралығында жалғасады. 

Ғылым және шығармашылық айлығының әр күні түрлі іс-шараларға толы, оның ішінде вебинарлар, ғылыми-практикалық онлайн конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік сыныптары, конкурстар, университетішілік олимпиадалар, зияткерлік ойындар, ғылыми және студенттік клубтардың отырыстары, көрмелер бар.

– Бүгін Ғылым мен шығармашылық айын бастадық! Аманжолов университетіндегі ғылым және шығармашылық айының бағдарламасы – бұл ғалымдарға ғылыми тақырыптар мен жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге қажет түйісу нүктелерін табуға мүмкіндік беретін бейресми іс-шаралар топтамасы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі уақытта отандық ғылымның беделін арттыру аса маңызды, осы ретте біздің университетте ғылыми қызметті табысты жүзеге асыруға арналған барлық жағдай жасалып отыр, оның нәтижелері білім беру және өндірістік процестерге сәтті енгізілуде.

Үш жыл ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі 1 млрд. 140 млн. теңгені құрады, ғалымдар ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қолдауымен 20 ғылыми жобаны жүзеге асыруда. А.Қ. Аймағамбетов бірнеше рет өзінің сөйлеген сөздері мен бейнеконференцияларында гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде ашықтық, жариялылық сияқты қағидаттарды іске асырудың маңызын атап өткен болатын.  Ғылымды қаржыландыруды ұлғайту – бұл біздің ЖОО-ның 68 жылдық тарихындағы үлкен серпіліс. Сонымен қатар бизнес пен ғылымды біріктіруге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулердің саны жылдан-жылға артып келеді.

Ғылыми ақпараттық құрылым мен ғылыми жабдықтар жаңартылуда, 2020 жылдың өзінде 70 млн. теңгеден астам сомаға зерттеу жабдығының 30 түрі сатылып алынды. Университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің жариялау белсенділігінде де оң қарқын байқалады. 2020 жылы Scopus және Web of science деректер базасында жарияланған мақалалар мен патенттердің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 51,2%-ға артты. Жас ғалымдардың қызметін ынталандыру үшін университет жыл сайын «Жылдың үздік жас ғалымы», «Мамандық бойынша үздік студент», «Жылдың үздік ғылыми үйірмесі» сияқты іс-шараларды, «Жас талап» және «Ғылым граниті» ғылыми жобалар конкурстарын өткізуде. Жас оқытушылар «Жылдың үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары атанып келеді. Бір ғана жоғары оқу орнында ғылым беделін арттыру жөнінде атқарылған орасан зор жұмыс тұтастай алғанда ғылымның дамуына, еліміздің ғылыми жетістіктерге жетуіне әсер етуде, – деп атап өтті С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген.

Университет ректоры жас ғалымдар мен тәлімгерлерді студенттерді олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға сапалы дайындағандары үшін марапаттады.

Ғылым мен шығармашылық айлығының салтанатты ашылуында С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Ш. Найзабаева сөз алып, «Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жас ғалымдарының 30 жетістігі» атты баяндама жасады.

Ғылым және шығармашылық айлығының бірінші күні аясында «Шығыс Қазақстан облысының танымал тұлғалары: тарихи шолу» тақырыбында вебинар және «Заманауи географиялық зерттеулер» атты дөңгелек үстел өтті, сондай-ақ іс-шараға қатысушылар «ХХІ ғасыр бухгалтері» бейнеролигін және YouTube арнасындағы онлайн концертті тамашалады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo