Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен өткен Ғылыми кеңес отырысында сегіз мәселе қаралды.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова қашықтықтан жұмыс жағдайында университетте академиялық ұтқырлық пен қосымша білім беруді дамыту туралы, виртуалды кафедра, деканат, ректорат, офис-тіркеуші құру туралы, сондай-ақ ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми жобалар конкурстарына қатысуға өтінімдер беру барысы туралы хабардар етті.

Университет кафедраларының оқытушылары орындайтын оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын және педагогикалық жүктемені есептеуге арналған нормативтерге өзгерістер енгізу туралы оқу процесін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә. Сәдірбекованың ақпараты тыңдалды.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті директорының м.а. А.К. Алипова Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ академиялық саясатының жаңа (үшінші) редакциясын бекіту туралы хабарлама жасады.

Оқу жылының басында өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар туралы тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Р.О. Абдрасулин, ал ҰПҰҒЗ аға ғылыми қызметкері, ф.-м.ғ.к. А.М. Жилқашинованың «Аймақ жағдайында бөгенсіз шағын су электр станциясының тәжірибелік коммерциялық үлгісін әзірлеу және жасау» монографиясын жариялауға ұсыныстар туралы ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің бастығы М.Б. Әбілев хабарлады.

ҒК отырысының соңында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т. Байжұманова 2020 жылы студенттерді қабылдау және студенттер контингентін қалыптастыру жоспарын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы айтып берді.

Ғылыми кеңес отырысын қорытындылай келе, ЖОО ректоры М.Ә.Төлеген ұжым алдына 2020-2021 оқу жылына арналған міндеттерді қойды, олардың ішінде қашықтықтан оқытуға, жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша ғылыми жұмыстарға, облыс мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарына, студенттер арасында мәдени-бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде онлайн режимінде өткізуге жаңа, жасампаз және нәтижелі амал-тәсілдер әзірлеу бар.

Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo