Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ғылыми кеңестің ақпан отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен университет Ғылыми кеңесінің отырысы өтіп, оның барысында 7 мәселе қаралды.

Экономика және құқық факультетінде "2020-2025 жылдарға арналған С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың даму бағдарламасын" жүзеге асыру аясында оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары туралы ЭжҚФ деканы А.Г. Мұхамедиева баяндама жасады, содан кейін университеттің факультеттері мен колледжінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты ұйымдастыруды тексеру жөніндегі комиссия төрайымы, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Әліпова анықтаманы жария етті.

Білім беру бағдарламаларының, "2021-2022 оқу жылына арналған "Minor" қосымша білім беру бағдарламаларының каталогын бекіту туралы" академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Әліпова хабарлады.

Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бастығы Н.Ә. Сәдірбекова "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" пәні бойынша емтихан комиссиялары төрағаларының есептерін бекіту туралы хабарлады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б. Болатова университеттегі кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы туралы, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы А.М. Раисова университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыстың барысы туралы хабардар етті.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының және Свече қ. (Польша) лингвистикалық-технологиялық университетінің шет тілдері кафедрасының "7м01703 (6М011900) – Шет тілі: екі шет тілі" ББ жұмыс оқу бағдарламасын бекіту туралы қосдиплом бағдарламасын іске асыру шеңберінде стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі басшысының м.а. Д.Р. Сапарованың ақпараты тыңдалды.

Академиялық А.К. Әліпова университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік әдебиеттерін жариялауға ұсыныс жасады.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo