Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ғылыми кеңестің кезекті онлайн-отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен өткен жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің онлайн-отырысы барысында сегіз мәселе қаралды.

ШҚМУ ұжымының 2019-2020 оқу жылындағы қызметінің негізгі қорытындылары және «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2018-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасын» іске асыру шеңберіндегі 2020-2021 оқу жылына арналған міндеттері туралы ректор М.Ә. Төлеген баяндама жасады.

Университет факультеттеріндегі бакалавриат, магистратура түлектерін мемлекеттік аттестаттау және 2019-2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы туралы академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті директорының м.а. А.К. Алипова хабардар етті.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т. Байжұманова 2020 жылы студенттер контингентін қалыптастыру және қабылдау жоспарын іске асыру туралы хабарлама жасады.

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраның бастығы А.Н.Керенцев әскери кафедраға тыңдаушыларды қабылдау жоспарының іске асырылуы және оның даму перспективалары туралы хабарлады.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «2020-2023 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру тұжырымдамасын» бекіту туралы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В.Ровнякова баяндама оқыды.

Ғылыми кеңес отырысында қарастырылған басқа да мәселелер қатарында – Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың аға ғылыми қызметкері, ф.-м.ғ.к. А.М. Жилқашиноваға «Физика» мамандығы бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағын беру туралы ұсыныс, сондай-ақ ҚР БҒМ конкурстық комиссиясына мемлекеттік ғылыми стипендия алуға А.М. Жилқашинованың кандидатурасын, жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия алуға Д.Б. Бүйткеновтің, З.А. Сәтбаеваның кандидатураларын ұсыну (СДжҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың ақпараты).

П.ғ.д., профессор А.Қ. Игібаеваның авторлық бірлестікте құрастырылған «4 томдық педагогикалық сөздік» анықтамалық құралын жариялау ұсынысы туралы академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті директорының м.а. А.К.Алипова ақпарат берді.

– Біз заман ағымына сай дамып келеміз, университетте цифрландыру қолға алынып, прокторинг және антиплагиат жүйелері енгізілуде. Онлайн-курстарды, стартап-жобаларды белсенді түрде енгізу қажет, – деп атап өтті ректор М.Ә.Төлеген.

Жоғары оқу орны алдында тұрған басқа да міндеттердің қатарында ректор ғылыми жобалар бойынша жұмыстарды жандандыруды, оларды коммерцияландыруды, бизнес-инкубатор құруды, сондай-ақ кәсіпорындармен және мектептермен кәсіптік бағдар беру ісін күшейтуді атап өтті.

Барлық мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Ғылыми кеңес отырысы барысында ректор тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің жаңа басшысы Назым Аманжолқызы Аманжолованы таныстырды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo