Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ғылыми кеңестің наурыз айындағы отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да жоғары оқу орнының ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен университеттің Ғылыми кеңесінің отырысы өтіп, оның барысында 15 мәселе қаралды. 

Ғылыми кеңес отырысының басында ректор М.Ә. Төлеген мамыр айынан бастап 201 адам мөлшерінде әскери кафедраға қосымша қабылдау болатыны туралы хабарлады, оның ішінде 83-і - сержанттар даярлау бағдарламасы бойынша, 118-і – офицерлер даярлау бағдарламасы бойынша.  

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары туралы колледж директоры С.Д. Өтепов баяндама жасап, кейіннен университет факультеттері мен колледжінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты ұйымдастыруды тексеру жөніндегі комиссия төрайымы, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова анықтама берді.

«С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2018-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасының» іске асыру жөніндегі стратегиялық іс-қимыл жоспарының» орындалу барысы және «С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспарының» іске асырылу барысы туралы басқарма төрағасының орынбасары – Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова хабардар етті.

Факультеттерде 2021 жылдың 2 жартысына бекітілген кестеге сәйкес С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын түсіндіру бойынша оқытушылармен кездесулер өткізу жоспарлануда.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясындағы ЖОО-ның Стратегиялық іс-қимыл жоспарында көрсеткіштердің негізгі тобы анықталған, ол – «Ел экономикасының индустриялық-инновациялық даму қажеттіліктерін және ғылым, білім және бизнесті интеграциялау негізінде сыртқы нарық сұраныстарын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау үшін жағдай жасау». Көптеген индикаторлар 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасында бекітілген көрсеткіштерге 100% жетіп отыр.

 «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ-ның 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы ел Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің заңнамалық және нормативтік актілері негізінде және университеттің соңғы бес жылдағы қызметіне терең талдау жүргізу арқылы әзірленді. ЖОО Стратегиясы қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап түріндегі стратегиялық бастамалар кешені ретінде қалыптасқан.

ЖОО-ның соңғы екі жылдағы қызметіне жүргізілген swot-талдау С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тұрақты және серпінді дамып келе жатқанын көрсетті.

Мәселен, «ARES» халықаралық рейтингінде ШҚУ отандық университеттер арасында 5-ші орын, ұлттық рейтингте 6 орын алды, студенттер контингенті 2018 жылғы 4444 адамнан 2020 жылы 8 мың адамға дейін, яғни 2 есеге ұлғайды. Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2018 жылмен салыстырғанда 2020 жылы оқытушылар мен қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 80%-ға ұлғайды, қазіргі уақытта орташа жалақы 260 мың теңгені құрайды, ғылымды қаржыландыру сомасы 10 есе (1 млрд. 150 млн. теңгеден астам) ұлғайды. Өңірдің қажеттілігін ескере отырып, 40-тан астам жаңа білім беру бағдарламасы әзірленіп, іске асырылды, химия және физика бойынша Диссертациялық кеңес құрылды. ЖОО-да Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды, Польшада «Абай» білім беру-мәдени орталығы, біздің ЖОО-да «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты, А.Н.Трунов атындағы фитнес-орталық, «Parasat» студенттерге қызмет көрсету орталығы және т.б. ашылды. Түлектердің жұмысқа орналасуы 98%-ды құрайды, оқу дәрісханалары материалдық-техникалық тұрғыда 30%-ға жаңартылды. 

Университеттегі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.А.Абылайханова, ЖОО-ның білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығының қызметі туралы Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығының басшысы Б. Ділдебай, университетте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б. Болатова, университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыстың барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы А.М. Раисова баяндады.

Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә. Сәдірбекова 2020-2021 оқу жылына арналған кешенді емтихандар бағдарламаларының бекітілгені туралы, 2020-2021 оқу жылына арналған аттестаттау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, 2021 жылға арналған емтихан комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, қайта қабылданған білім алушылардың дипломдық жұмыстарының (жобаларының) басшылары мен тақырыптарын бекіту туралы, дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми жетекшілеріне өзгерістер енгізу туралы ақпарат берді. 

4 курс студенттерін Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуге дайындау барысы туралы Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова, университеттің академиялық қызметін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылары туралы Кәсіптік практика жетекшісі Ж.Т. Тоқаев хабарлама жасады.

Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі басшысының м.а. Д.Р. Сапарова ЖОО бюджеттен тыс қаражаты есебінен ҚР БҒМ 225.020.111.369 «ҚР ЖОО-на шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасын іске асыру үшін университеттің серіктес ЖОО-нан шетелдік ғалымдардың кандидатураларын бекіту туралы хабарлады. 

Ғылыми кеңес отырысын қорытындылай келе, ректор М.Ә. Төлеген қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап ретіндегі университеттің стратегиялық міндеттерін еске салып, оқу ордасының одан әрі дамуындағы әрбір оқытушы мен қызметкердің ерекше рөлін атап өтті.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo