Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ғылыми кеңестің онлайн-отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ректор М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен оқу орны Ғылыми кеңесінің онлайн-отырысы өтті, оның барысында 11 мәселе қаралды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Н.А. Аманжолова «Факультеттер мен ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитетінің қызметін жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары туралы» баяндама жасады, қосымша баяндаманы университет Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы М. Әбубәкір жасады.

Ғылыми және педагогикалық, бейіндік бағыттағы 1-ші курс магистранттары магистрлік диссертацияларының (жобасының), 1-ші курс докторанттары докторлық диссертацияларының жетекшілері мен тақырыптарын бекіту туралы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.А. Абылайханова хабарлама жасады.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова 2020 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері және университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жетілдіру жөніндегі міндеттер, профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігін арттыруға және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау санын арттыруға бағытталған университет жұмысы туралы, сондай-ақ «С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылымды дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекіту туралы хабардар етті.

2020-2021 оқу жылында университетте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру туралы маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б. Болатованың, 2018-2020 жылдары жүргізілген шаруашылық қызмет пен шаруашылық-техникалық жұмыстар туралы шаруашылық департаментінің директоры Е.З. Балапановтың ақпараты тыңдалды.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.К. Чудобаева «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ ресми құжаттамасының жаңа үлгілері қолданысқа енгізілгені туралы, ал студенттік бөлімнің басшысы Г.К. Қалиева білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар бланкілері формасының бекітілгені туралы хабарлады.

Сонымен қатар, кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б.Б. Келгембаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» қосымша білім беру бағдарламасын бекіту туралы, ал педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Радченко – «8D01101-Педагогика және психология», «8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларын бекіту туралы мәселені көтерді.

– Біз бәсекелестік ортада өмір сүріп жатырмыз, сондықтан барлық оқытушылар, кафедра меңгерушілері, декандар барлық бағыттар бойынша, соның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау бойынша, ал магистранттар мен докторанттар диссертация тақырыптарын анықтау бойынша белсенділік танытуы қажет, – деп атап өтті С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген.

Ректордың басқа да тапсырмалары арасында мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысының жаңа форматтарын әзірлеу, «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша университет түлектерінің жұмысқа орналасуына мониторинг жасау, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың сайтын жаңарту және т.б. бар.

Ғылыми кеңесте қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo