Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ғылыми кеңестің желтоқсан айындағы отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Ғылыми кеңестің осы жылдағы соңғы отырысы өтті. ЖОО ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен өткен кеңес отырысында 14 мәселе қаралды.   

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде "2020-2025 жылдарға арналған С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін дамыту бағдарламасын" жүзеге асыру аясында оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты жетілдіру жағдайы мен перспективалары туралы факультет деканы Ә.А. Өскембай баяндама жасады. Университеттің факультеттері мен колледжінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстың ұйымдастырылуын тексеру жөніндегі комиссия төрайымы, Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова анықтама оқыды. 

2021 жылға арналған бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтарындағы мемлекеттік аттестаттау комиссияларының, сондай-ақ "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" пәні бойынша емтихан комиссияларының төрағалары мен құрамын бекіту туралы, сондай-ақ дипломдық жұмыстардың (жобалардың) басшылары мен тақырыптарын бекіту туралы Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә.Сәдірбекова ақпарат берді.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге үміткер ақылы негізде білім алушылардың деректерін ҚР БҒМ-ге ұсыну туралы хабардар етті.

Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің басшысы Е.Б. Абиқақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің 2020 жылға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабарлама жасады.

ШҚУ Ғылыми кеңесі бұрын қабылдаған шешімдердің орындалуы туралы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М.Н. Мадияров ақпарат берді.

Университеттің ІІ семестрдің басталуына дайындық барысы туралы академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы, ҰҚҰҒЗ жобалау қызметін жүзеге асыру туралы Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі М.Ю. Сутула хабарлады.

Сонымен қатар, авторлар ұжымының (Дьяченко В.К., Құсайынов Г.М., Васильева Е.Н., Игібаева А.К., Қагазбаева А.К., Косов В.Н., Шалғынбаева К.К., Абықанова Б.Т., Тәутенбаева А.А.) "Дидактика 3.0: цифрлық қоғамда оқыту" оқулығын жариялауға ұсыну туралы Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры директоры А.К. Алипова хабарлады. 

Министрлікке Инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті директорының м.а. С.К. Қабдрахманованың және "Бет инженериясы және трибология" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Ж.Б. Сағдолдинаның кандидатураларын "қауымдастырылған профессор" ғылыми атағын беруге ұсыну туралы Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы ақпарат берді.

Инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті директорының м.а. С.К. Қабдрахманова К.Ж. Дакиеваның "Заманауи өнеркәсіптік кәсіпорында жұмыс істейтіндер үшін тәуекел факторларын талдау", Ж.С. Әубәкірова, А.Н. Алексеенконың "KAZAKHS IN THE CONTEXT OF DEMOGRAPHIC HISTORY KAZAKHSTAN" ("Демографиялық тарих контекстіндегі қазақтар") монографияларын жариялауға ұсыну, сондай-ақ "Шығыстың өңірлік жаршысы" журналын қайта атау және оны ҚР БҒМ ұсынған басылымдар тізбесіне енгізу туралы хабарлама жасады. 

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б.Б. Келгембаева педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттарды қабылдау барысы туралы айтып берді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo