Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік апталығы аясында «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігі кезеңіндегі ҚР сыртқы саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында «Үздік мамандық иесі» байқауы өтті.
Байқауға "Халықаралық қатынастар" ББ 2 және 3 курс студенттері қатысты. Байқау 3 кезеңде өтті.
1 кезең барысында студенттер "Қазақстан Республикасындағы мемлекет тұрақтылығының сыртқы қауіптері" тақырыбында эссе дайындады.
Студенттердің жұмыстары жарқын, мәнерлі, тақырыпты толық ашып көрсетті. Білім алушылар материалды логикалық және дәлелді түрде жеткізе білуін, өз бетінше қорытынды жасай білуін, фактілермен жұмыс жасай білуін көрсетті.
2 кезең барысында білім алушылар өздерінің шешендік шеберліктерін көрсетті. Олар қатысушыларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның кандидатурасына дауыс беруге шақырды.
Бірақ конкурстың 3 кезеңі ең күрделі және қызықты болды, оның барысында студенттер дайындаған презентациялар мен бейнероликтерді көрсетті, ол үшін білім алушыларға "Халықаралық қатынастар" ББ түлектері туралы материал жинауға, олардың еңбек қызметі туралы айтуға, болашақ мамандарға кәсіби өсу мүмкіндіктерін көрсетуге тура келді.
Студенттер өз гаджеттерімен жұмыс істеу, сұхбат, репортаж жүргізу және бейнематериалдарды құрастыру дағдыларын көрсете отырып, күрделі тапсырманы жақсы орындады.
Байқау жеңімпазы болып 3 курс студенті Даяна Сағидулдинова 1 орын алды. Оған "Жылдың халықаралық қызметкері" атағы беріліп, ректор дипломы тапсырылады.
2 және 3 орындарды 3 курс студенттері Ислан Ластаева мен Айдана Каденова иеленді.
Қазылар алқасы номинацияларды да анықтады. "Үздік зерттеуші" номинациясы бойынша 3 курс студенті Сабина Құмарғазы, "Үздік шешен" номинациясы бойынша 2 курс студенті Маржан Насимолда және "Үздік бейнеоператор" номинациясы бойынша Даяна Сағидулдинова жеңімпаз атанды.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Олар өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби шеберлігін арттыруға ұмтылысын көрсетті!
Ұйымдастыру комитеті