Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да халықаралық өлкетанушылық вебинар өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы  Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасымен бірлесе отырып, өлкетанушы Р.С. Федорованың 80 жылдығына  орай «Шығыс Қазақстандағы тарихи өлкетану ісі: дәстүрі мен  келешегі» халықаралық өлкетанушылық вебинарын өткізді.

Оның жұмысына облыстың 14 ауданынан мектеп мұғалімдері және Германия, Ресей, Корея, Босния және Герцоговинадан қонақтар, сонымен қоса жоғары оқу орындар мен колледждердің оқытушылары мен студенттері,  музей, архив және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Модераторалар тарих магистр, ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Қалимолдина мен ҚР және РФ т.ғ.к., ШҚТУ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының доценті К.С. Қалиева болды.

Іс-шара мақсаты Шығыс Қазақстанның тарихи өлкетануының даму басымдылықтарын өзектендіру, туған өлке тарихы туралы білімдерді бұқараландыру, тарихи мұраларды зерттеу.

Вебинарға Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Шәкәрім университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, ҚАЕУ ғалымдары, ШҚО ішкі саясат басқармасының өкілдері, Тольятти қалалық кітапханасы (Ресей), ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, ШҚО Мемлекеттік мұрағаты, ШҚО тарихи өлкетану мұражайы, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық  музей-қорығы сынды өлкетану қызметімен айналысатын орталықтардың қызметкерлері сөз сөйледі.

Өлкетанушы, ардагер-ұстаз Федорова Раиса Самуиловнаға арналған «Жадымда тұрар жаңғырып» атты вебинар модераторлары дайындаған фильм көрсетілді. 

Спикерлерлер туған өлке тарихын зерттеу және насихаттау мақсатында «Туған жер тарихы» атты облыстық үйлестіруші орталық құру туралы шешім қабылдады.  

                                                    «Қазақстан тарихы» кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo