Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да химия бойынша университетаралық олимпиада өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Химия кафедрасы мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасы бірлесіп, Батырбек Беремжановтың 110 жылдығына арналған «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптары» тақырыбында химия бойынша жоғары оқу орындары арасындағы студенттік олимпиада өткізді.

Негізгі мақсаты мамандардың кәсіби дайындық сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-ғылыми қызметін жандандыру, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу болып табылатын олимпиадаға қатысу үшін 32 студент өтінім берді. Олимпиада онлайн режимінде өтті.

Ең жоғары жиынтық балл – 100 балл.

Олимпиаданың ашылу салтанатына академиялық мәселелер жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы, Жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің деканы Мұратқан Мадияров, Химия кафедрасының меңгерушісі Бақыт Шаихова және кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша «Үздік теоретик» номинациясын химия-биология білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Наргиза Құдайбергенова, «Үздік практик» номинациясын  химия-биология білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мадияр Дәулетқазы жеңіп алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша химия-биология білім беру бағдарламасының студенті Наргиза Құдайбергенова 1 орын, химия-биология білім беру бағдарламасының студенті Мадияр Дәулетқазы және  химиялық криминалистикалық сараптама бағдарламасының студенті Жасмин Бақбергенова 2 орын, студенттер Татьяна Дик, Назерке Серікқызы, Валерия Коровина 3 орын алды.

Олимпиаданың жалпыкомандалық есебі бойынша ауыспалы кубок Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Химия кафедрасына тапсырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

С. Оразова,

Химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo