Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да химия пәнінен аймақтық олимпиада өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Ғылым және шығармашылық апталығы жоспарына сәйкес облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен аймақтық онлайн олимпиада өтті.

Аймақтық олимпиада ережесіне сәйкес гран-при алған жеңімпазға Химия кафедрасының мамандықтарына оқуға түскен жағдайда 1 жылға университеттің білім гранты беріледі. Қатысушылар саны 9, өтінім бергендер 11 болды. Күршім, Зайсан, Катонқарағай, Үржар, Абай аудандары мен Жезкент қаласының орта мектептері қатысты.

Салтанатты ашылудан кейін кафедра доценті, п.ғ.к. Бәтима Тантыбаеваның жетекшілігімен олимпиада өз жұмысын бастап, жеңімпаздар анықталды. Олимпиада кезінде онлайн-прокторинг өткізілді. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Университеттің грантын – бас жүлдені Аяулым Бекен (Күршім ауданының №3 мектеп-гимнзиясы), 1 орынды Аяулы Нұрланқызы (Зайсан қаласының Ломоносов атындағы ОМ), 2 орынды Айзере Төлеуханқызы (Зайсан қаласындағы Мұстафина атындағы мектеп-лицей), Инара Мелис (Катонқарағай ауданы Рыков атындағы ОМ), 3 орынды Елнұр Әлімғалиев (Абай ауданы Абай атындағы мектеп-лицей), Айым Әділқан (Катонқарағай ауданы Рыков атындағы ОМ), Аружан Асылбекова (Жезкент кентінің мектеп-лицейі), Жанна Зейнолда (Үржар ауданының Қарабұлақ мектебі) алды.

Сондай-ақ, «Үздік теоретик» аталымына Күршім ауданының №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Аяулым Бекен, «Үздік практик» аталымына Зайсан қаласындағы Ломоносов атындағы орта мектептің оқушысы Аяулы Нұрланқызы ие болды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, барлық оқушыларға қатысқаны туралы сертификаттар және басшыларға университет ректорының алғыс хаттары табыс етілді.

С.Оразова,

Химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo