Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ISO 21500 жобаларын басқару бойынша курс өткізілді

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен оқытушыларға арналған «Жобаларды басқару: ISO 21500» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Оқыту барысында курс тыңдаушылары өз қызметін тиімді басқарудың интуитивті және логикалық тәсілдерін дамыта отырып, жарғылық және жобалық тапсырмаларды әзірледі. Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар көшбасшылық әлеует пен шығармашылық ойлауды дамыта отырып және жобаларды басқарудың практикалық дағдыларын игере отырып, өз мақсаттарына жетуге деген табандылық пен ұмтылысқа ие болды.

Жобаларды басқару курсын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының профессорлары жүргізді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo