С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да жоғары оқу орнының қызметкерлері мен оқытушылары үшін ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесі» стандартын түсіндіру бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда.
Оқыту семинарын өткізу қажеттілігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Этика ережелері» және т.б. жаңа құжаттарда ЖОО қызметін ұйымдастырудағы жаңа ұғымдардың, терминдер мен тәсілдердің болуымен байланысты.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы жөніндегі құжаттардың нормативтік базасын қалыптастыру процесі жалғасатын болады.
Баспасөз қызметі