Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да қашықтан оқыту кезеңінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша онлайн-дөңгелек үстел өтті

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 22 қыркүйекте «Қашықтан оқыту кезеңінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесін дамыту және жетілдіру» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің ашылуында стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова құттықтау сөз сөйледі. Ирина Владимировна Ровнякова, әр білім алушының жеке өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасайтын және әр тұлғаның жан-жақты дамуына жеке түзету жасайтын, оқу тобының ұжымында білім беру қызметінің әр түрлі түрлері арқылы қарым-қатынас жүйесін ұйымдастыратын кәсіби педагог – куратор екенін атап өтті. Сондықтан, қашықтан оқыту кезеңінде біз мессенджерлер (WhatsApp, Zoom, Viber, Instagram, Facebook, Skype, ICQ, Google Hangouts) және т.б. арқылы кураторлардың жұмысын күшейтуіміз керек.

Іс-шара аясында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры С.Б. Қайсарбековтің «COVID-19 пандемиясы кезеңінде жастардың бос уақытын ұйымдастыру», «Өскемен қаласы әкімдігінің Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің үйлестірушісі Р.Р. Сембаеваның «Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, балалар қозғалысының жұмысын ұйымдастыру», С. Аманжолов атындағы ШҚУ Психология және түзету педагогикасы кафедрасының меңгерушісі Г.У. Тұрарованың «Қашықтан оқыту технологиясының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері», Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.С. Жұманазарованың «Колледждерде қашықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын жүргізу ерекшеліктері», С. Аманжолов атындағы ШҚУ идеялық-тәрбие жұмысы жөніндегі маманы Т.О. Қожахметовтің «Қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында университетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу жүйесі» баяндамалары тыңдалды.

Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстел модераторы, ИТЖ бойынша маман Н.А. Аманжолова қазіргі кезеңде студенттердің оқу және кәсіби өзін-өзі анықтау процесінде тұлғалық және әлеуметтік бейімделуін психологиялық сүйемелдеу, сондай-ақ студенттерге тұлғалық-бағдарлы тәсілді іске асыруға жәрдемдесу университеттің басым қызметі болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, колледж директорының орынбасары және академиялық топтардың кураторлары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 100-ден астам адамды құрады.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo